1. «ФМЛ» КММ-нің 1-сыныбына оқушыларды қабылдау «Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 31.10.2018 ж. №595 бұйрығы және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің физика – математикалық лицейі» КММ жарғысы негізінде (6 тарау, 34 тармақ) қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
2. Қабылдау комиссиясының құрамына бастауыш сынып мұғалімдері, психологтар, медицина қызметкері, лицейдің қамқоршылық кеңесінің төрайымы кіреді.
3. Қабылдау комиссиясы 2022 жылғы 01 маусымнан 15 маусымына дейін баланың ата-анасының бірі немесе өзге де заңды өкілдерінің қатысуымен мектеп жасына дейінгі баламен жеке әңгімелесу өткізеді.
4. Әңгімелесуге өтініштерді қабылдау 2022 жылғы 11 мамырдан 27 мамырға дейін (09.00. -14. 00 дейін) қашықтықтан жүргізіледі.
Әңгімелесуді реттеу үшін өтініштердің түсуіне қарай оны өткізу кестесі жасалады.
Жеке әңгімелесу күні мен уақытын белгілеу үшін баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілі +77771689428 WhatsApp нөміріне келесі құжаттарды фотоға түсіріп, жолдайды:
— әңгімелесуге бекітілген нысандағы өтініштің фото суретін (өтініш нысанын келесі СІЛТЕМЕ бойынша жүктеуге болады)
— баланың туу туралы куәлігінің фото суретін;
— бала ата-анасының бірі немесе басқа заңды өкілінің жеке куәлігінің фото суретін.
— қабылдау комиссиясының жұмысы басталғанға дейін (шамамен 2022 жылғы 11 маусым) мамандардың (логопед, психолог, невропатолог, педиатр) қорытындысы берілген баланың денсаулығы туралы паспортын ұсыну қажет. Паспорт түпнұсқада немесе электронды түрде ұсынылады. Денсаулық паспортын ұсыну форматы туралы эпидемиологиялық жағдайға байланысты қосымша хабарланады.
5. Мектеп жасына дейінгі баланы бағалау бойынша «ФМЛ» КММ-нің 1-сыныбына оқуға қабылдау зияткерлік және психологиялық дайындық деңгейін анықтау деңгейлері (мектеп-маңызы функцияларды дамыту, танымдық қызметті дамыту, психологиялық критерийлер) бойынша жүргізіледі.
6. Әңгімелесу нәтижесі бойынша әңгімелесуде тапсырмаларды орындауда неғұрлым жоғары нәтиже көрсеткен балалардың негізгі тізімі қалыптастырылады. «ФМЛ» КММ-ге түскендердің негізгі тізімін қабылдау комиссиясы жинақталатын сыныптар санына қарай қалыптастырады (2022-23 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау жоспары — орыс тілінде оқитын үш сынып-жиынтық және мемлекеттік тілде оқитын екі сынып-жиынтық).
Лицейде рейтингтік әңгімелесуден сәтті өткен балалардың тізімі 2022 жылғы 15 маусымнан кейін бес жұмыс күні ішінде қалыптастырылады және лицейдің сайтында (www.fmlkost.kz) орналастырылады.
Үміткерлердің резервтік тізімі кему тәртібімен жинаған балдарының сомасы бойынша негізгі тізімге кірмеген әңгімелесуге қатысушылар (10 адамнан артық емес) қатарынан қалыптастырылады.
7. «SAKURA:Электрондық мектеп» және eGov арқылы рейтингтік әңгімелесуге қатыспай электрондық форматта берілген өтініш лицейге (http://school.kst-goo.kz) қабылдау үшін негіз болып табылмайды.